Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Теміртаулық кәсіпкерді өлтіру үшін 2 миллион теңге ұсынылған

Ақыры Дашкевич әріптестеріне бизнесті теңдей бөлісіп алуды ұсынады. Бірақ бұл жайт оның әріптестеріне ұнамайды. Сондықтан оның бірі Дашкевичтің көзін жойып, бұл мәселені шешпек болады.

Полициядағыларға кісі өлтіруге берілген тапсырыс туралы мәлімет белгілі болып қалады. Сөйтіп кісі өлтіруге полиция қызметкерлерінің бірі барады. Тапсырыс беруші оған „қызметі„ үшін 2 миллион теңге беретінін айтады. Сөйтіп алдын ала төлеген ақысы ретінде 500 мың теңгені ұсынған. Одан кейін „қалған соманы Дашкевичтің өлі суреті мен кәсіпорынның құқықтық иесі туралы құжаттарды алып келгенде аласың„ деген.

„25-шілдеде полиция қызметкерлері Самарқанд су қоймасы маңындағы ағаш кесетін орында Дашкевичтің өлгенін айғақтайтын секілді суреттерді түсіреді. Осылайша бұл сурет тапсырыс берушінің қолына түскенде, ол „киллерге„ қалған соманы төлеуден бас тартады. Өйткені ақша онда, әзірге жоқ көрінеді. Тапсырыс беруші күдікті сол арада тұтқындалды „ делінеді сотта.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы, яғни „Тапсырыс беру арқылы кісі өлтіру„ бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қазір Теміртау қаласының уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.

Еске сала кетелік, 4-шілдеде Теміртауда жиһаз цехының директоры Владимир Дашкевич үйінен жұмысқа шығып кетіп, із-түссіз жоғалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз