Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Теміртауда тамаққа уланған 18 адам ауруханаға түскен

Зардап шеккендердің бірі тойда 60-қа жуық адам болғанын айтады. Қалыңдық пен күйеу жігіт аман. Ал кейбір қонақтар сол кеште өздерінің әлсіздене бастағандарын сезген.

«Досымның тойы қаладағы белгілі дәмханалардың бірінде өтті. Салтанатты шара 30 шілдеде болды. Сол түні әйелім алғашқылардың бірі болып өзінің әлсізденгенін сезген. Ал менде таңертең басталды. Теміртауға жұмыстарыммен кетуім керек болды. Жағдайыма қарамай кеттім. Қайтар кезде өзімді қатты нашар сезіндім. Температурам жоғары болып, қалтырап, құса бастадым. Бір сағатта он рет лоқсыған шығармын. Телефонмен тойда болған басқа қонақтардың да жағдайы дәл осындай екенін білдім. Кейбіреуінде бірден сұйық нәжіс болған. Енем мені көрген соң жедел жәрдем шақырып, ауруханаға апарды. Бірінші тамыз күні бардым», – деді зардап шегуші.

Сондай-ақ, ер адам өздерінің қандай да бір салаттан немесе майонез қосылған жеңіл тамақтан улануы мүмкін деп отыр. Ал ер адам ішімдіктен улану нұсқасын бірден жоққа шығарды.

«Ауруханаға жатқызылғандардың арасында ішімдік мүлдем ішпегендер бар. Жүкті әйел бір тамшы да ішкен жоқ. Бала да болды. Кішкентайлардан бір өзі ғана болғаны қандай жақсы. Тойда көп адам ішпеді. Негізі ауырғандар саны көп, бірақ кейбіреулері ауруханаға жатудан бас тартты. Кеше ауруханадан емізулі баласы бар әйелді шығарды. Уланудың нақты себебін білмейміз. Бірақ мұны ешкімге тілемеймін. Жағдайымыз өте жаман. Қазір бізге дәрі тамызғыш қойып, қайтадан анализ алып жатыр. Ауруханадан қашан шығатынымыз әзір белгісіз. Бес күннен он күнге дейін ұстайды деп айтып жатыр», – деді теміртаулық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз