Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Педофилдер мен кісі өлтірушілер ғана емес: Қылмыстық кодекстегі түзетулерге шолу

301
the-village.kz

2019 жылы 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Қылмыстық кодекстің бірқатар баптары бойынша жазаны күшейтетінін мәлімдеді.

“Біз шектен тыс репрессиялық шаралардан және қатал жазалау әділетсіздіктерінен аулақ болдық, — деген еді президент. — Алайда елде әлі де көптеген ауыр қылмыстар орын алуда.

Бізді заңнаманы ізгілендірумен әуестеніп, азаматтардың негізгі құқықтары туралы ұмытып кеттік.

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі трафигі, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны шұғыл күшейту қажет. Бұл менің парламент пен үкіметке тапсырмам”.

Үкімет тапсырмаларды орындады. Заңнамадағы ең өзекті өзгерістерді атап өтеміз және оларды қылмыстық кодекстің алдыңғы мазмұнымен салыстырамыз.

Адам өлтіру, оның ішінде балаларды өлтіру

99-баптың 2-бөлігінен жеке 3-бөлім болып, бала өлтіру қылмысы шығарылды. Ол үшін 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына қамау қаупі төніп тұр.

Бұған дейін балаларды өлтіру ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы болған. Қылмысқа 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы қамау көзделген.

Бұл ретте ҚР ҚК 100-бабына — жаңа туған баланы анасының өлтіруі ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. Бұл қылмыс үшін барлығы 4 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру қаупі бар. Мұндай жеңіл жазаны заң шығарушылар жаңа босанған әйелдерде жиі болатын психикалық ауытқулардың жай-күйімен байланыстырады.

Зорлау және күш қолдану әрекеттері

120 және 121-баптардың санкциялары бірдей өзгерді, сондықтан біз оларды бір санатқа біріктірдік.

Ең маңызды өзгеріс —

зорлау татуласу құқығынсыз ауыр қылмыстар санатына ауысты

Зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін ең төменгі мерзім белгіленді — 5 жыл. Бұрын 3 жыл болатын.

120 және 121-баптардың неғұрлым ауыр 2 бөлігі адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмысты білдіреді. Бұл бөлік “адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған” деген түсініктемемен толықты. Егер соңғы түзетулерге дейін жоғарыда аталған ауырлататын мән-жайлармен зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыскерлер 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін болса, енді оларға 9 жылдан 12 жылға дейін колония қаупі төніп тұр.

120 және 121-баптардың 3-бөлігі үшін жазаның ең төменгі шегі — 10 жылдан 12 жылға өзгерді. Егер зорлау жәбірленушінің өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіруге, соның ішінде АИТВ жұқтыруына әкеп соқса, 15 жылға дейін сотталады.

Қылмыс екі және одан да көп балаларға қатысты жасалған жағдайды қарастыратын жаңа 3-2 тармақ осы аталған баптарға қосылды. Жәбірленушілердің өлімімен аяқталған қылмыс үшін 17 жылдан 20 жылға дейін колония немесе өмір бойы қамауға алу көзделген.

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу

123 бап ауыр болмаса да, айтарлықтай қатаңдатылды.

Бұрын ересек адамды бопсалау және қорқыту арқылы жыныстық қатынасқа итермелегені үшін зорлаушыға 1 мың АЕК (2,525 млн теңге) дейін айыппұл немесе 1 жылға бас бостандығынан шектеу немесе айыру көзделген болатын. Балаларға қарсы осындай әрекеттер үшін бап 3 мың АЕК дейін айыппұл (7,575 млн теңге) немесе 3 жылға бас бостандығынан шектеу немесе айыруды қарастырған.

Енді ересектерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін зорлаушыға 3 мың АЕК (7,953 млн теңге) дейін айыппұл салынады немесе бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Балаларға қатысты — 5 мың АЕК (13,255 млн теңге) дейінгі айыппұл немесе 5 жылға дейінгі бас бостандығынан шектеу/айыру.

Адамдарды және кәмелетке толмағандарды сату

Айта кетейік, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстауды қарастыратын 127-бап енді 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге  дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұрын 3-7 жыл болған.

Адам саудасына қатысты (128-бап), енді осы қылмыс үшін ең аз мерзім 3 жылдан 4 жылға дейін ұзартылды. Ең жоғары жаза — 15 жыл деңгейінде қалды. Есесіне осы баптың соңғы үш бөлігіндегі ең төменгі жазаға 2 жыл қосылды.

135-бап — кәмелетке толмағандарды сату — неғұрлым қатаң жазаны көздейді. Егер сатылған немесе сатып алынған бала қайтыс болса, ең көп 18 жыл колония көзделген. Бұған дейін осы баптың 4-ші бөлігі бойынша максимум 15 жыл болатын.

Баланы Қазақстаннан заңсыз алып кету

Бұл норма бір-бірімен жауласып, балаларын шетелде жасырып жүрген ата-аналарға қатысты ма, жоқ па — 143-баптың мәтінінде айқындалмаған. Алайда, бұл әрекет пайдакүнемдiк немесе өзге де жамандық ниетпен жасалған болса деп нақты жазылған.

Баланы елден заңсыз алып кету қылмыскерге 3 мың АЕК (7 млн 953 мың теңге) дейінгі айыппұл төлеуді немесе 800 сағатқа дейін түзеу жұмыстарына тартуды көздейді. Максимум — 3 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру.

Егер баланы Қазақстаннан пайдакүнемдік немесе азғындық жасау ниетімен әкетсе, санкция — 8 мың АЕК-ке дейін айыппұл (21 млн 208 мың теңге) немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан шектеу/айыру.

Баптың үшінші, ең ауыр бөлігі, қылмысты адамдар тобы жасаған жағдайда ешқандай айыппұл көзделмеген. Тек 3-тен 7 жылға дейін түрмеге қамау.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз