Оңтүстік Қазақстан облысында таксилер тегін қызмет көрсете бастады.
Осы өңірдің Отырар ауданында таңертеңнен бері 4 көлік жолаушыларды тегін тасымалдауда. \бұл туралы Еркеғали Таңатаров есімді Facebook желісін қолданушысы хабар таратты.
«Бүгін Отырарда Рамазан айының басталуына орай түске дейін «Тегін такси» қызмет етеді. Осы сауапты іске атсалысқан барша жандарға Алланың разылығы жаусын. Ұйымдастырушылар акцияға қосылам деушілер болса орталық «Арыстанбаб» мешітіне келсе болатынын айтады»,- деп жазды Еркеғали Таңатаров жеке парақшасында.
Суреттерде көліктерге «ОҚО – «Арыстанбаб» мешітінің жастар ісі өкілдігі» деген жазулары бар хабарлама ілінген.
Соған қарағанда бұл бастаманы осы мешіттің қызметкерлері қолға алып отыр деп айтуға болады.