Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
506
0.00
EUR
551
0.00
RUB
5.89
0.00

«Таза көшелер»: Алматыда 120 литрге дейінгі қоқыс жәшіктері пайда болады

• 80 литрлік гиперболоидті қоқыс жәшіктері саябақтар мен скверлерге орнатылады.
• 80 литрлік төртбұрышты және цилиндрлік жәшіктер қаланың негізгі көшелері мен магистральдарға қойылады.
• 120 литрлік төртбұрышты жәшіктер халық көп жиналатын орындарға – аялдамаларға, метро бекеттерге, жерүсті және жерасты өткелдеріне орнатылады.

2024 жылы қала билігі қолданыстағы жәшіктердің тез толуына байланысты қоқыс шығару маршруттарын көбейтуге мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқанының басталғанын хабарлады. Ол 2025 жылғы 1 наурыз – 1 сәуір аралығында өтеді. Науқанның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру.

Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген, оның алғашқысы – «Таза көшелер». Бұл кезеңде аялдамалар, бағдаршамдар, өткелдер, жол белгілері мен жарықтандыру құрылғылары тазартылады, сондай-ақ қоғамдық орындарға жаңа қоқыс жәшіктері орнатылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз