Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
445
+0.68
EUR
491
-1.33
RUB
5.41
+0.05

«Таза Қазақстан – жастар таңдауы»: Шығыс Қазақстанда жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігі талқыланды

Meet Up форматында ұйымдастырылған кездесуге 100-ге жуық адам – студенттер, жастар ұйымдарының өкілдері және экологиялық бастамаларды қолдаушылар қатысты. Кездесудің спикерлері қатарында Altay-pro туристік компаниясының директоры Вячеслав Орлов, «Cero» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ясса Танир және экобелсенді Нұрлат Ногайбаев болды.

Олар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және жастардың табиғатты қорғау бастамаларына қатысуы жөніндегі өз тәжірибелерімен және көзқарастарымен бөлісті.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, спикерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз