Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың президент болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Бірақ қарамағындағы шенеуніктердің жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, оларды “жерден алып, жерге салды”.
Таяуда өткен селекторлы жиналыста Мирзияев шенеуніктерді сөгуден ұялмады. Бұрын мұндай қатаң ескертулер жабық есік жағдайында өтетін болса, қазір телеканалдардан көрсете бастады.