Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Тәулік бойы күзетеміз!”. Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтілді

134

https://kaz.365info.kz/toj-bolady-astananyn-20-zhyldygyn-tojlauga-19-mlrd-tenge-zhymsalmakh-311794

Жалпы, мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге барлығы, 3,5 мың полицей, оның ішінде, Ұлттық ұланның 1,2 мың әскери қызметшісі жұмылдырылады.

Сондай-ақ, ІІМ Орталық аппараты қызметкерлері тарапынан резервтік жиынтық жасақтар құрылады”, — деді Лепеха Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы қалада бейнебақылау камералары белсенді орнатылып жатқанын атап өтті.

“Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында “Сергек” бейнебақылау камералары орнатылуда. Бүгінгі таңда қала аумағының басым бөлігі камералармен қамтылған.

Бұған қоса,

“Қауіпсіз аула” бағдарламасы аясында тұрғын үйлердің ауласын 6 мыңға жуық камера орнатылды.

Жұмылдырылған күштерді басқару мен үйлестіру мақсатында ІІМ жедел басқару орталығының базасында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен жедел штаб құрылды.

https://kaz.365info.kz/bilik-astananyn-tojyna-bolingen-akhshany-vaktsinaga-audar-zhelidegi-zhyrt-shulap-zhatyr-318079

Мұндай штабтар Астана мен өңірлік департаменттерде жұмыс істейтін болады” – деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мерекелік шаралар өтетін орындарда ішкі істер органдарының басшылық құрамы тәулік бойы кезекшілік жасайды.

“Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, жарылғыш пен қатты әсер ететін улы заттарды сақтау орындарын тексеру шаралары қабылдануда. Қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандарды күзету күшейтіледі. “Бәйтерек” кешені тәулік бойы күзетке алынған”, — деді Лепеха.

Бұдан бөлек,

көлік полициясының бөлімшелері станцияларда, теміржол вокзалдары мен әуежайда қоғамдық тәртіпті күшейтеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз