Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Ташкентте Орталық Азияның 5 елінің сыртқы істер министрлері бас қосты

122

Еліміздің Сыртқы істер министрі әріптестерін Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқарып жатқан жұмыстары жөнінде хабардар етті. Тараптар кездесу барысында бауырлас елдер арасындағы байырғы заманнан жалғасып келе жатқан достық қарым-қатынас пен саяси экономикалық әріптестік және сауда-саттықты нығайту жағын талқылады. Келелі кеңесте су, энергетика, көлік және логистика, мәдениет салаларындағы байланыстарды жандандыру жағы талқыланды.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

– Уақытында Н.Ә. Назарбаев өзінің БҰҰ мүшелеріне саяси үндеуінде осы Орталық Азияны үлкен бір бейбітшілік қауіпсіздік және даму өңіріне айналдыру туралы бастама жасаған болатын. Қазір біз сол бастаманы іске асыру бойынша практикалық әр түрлі шараны талқыладық.

Атап айту керек, Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері біздің бастамаларымызға үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Біздің негізгі мақсатымыз осы Орталық Азиядағы соңғы кезде бәріміз байқап отырған позитивті тенденцияны күшейтіп оны алға апару болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз