Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тараздағы қанды қырғын. Әріптестерін пышақтаған шенді полицей іздестірілуде

Қазір ол іздеуде жүр. Ведомство мәліметінше, оқиға 10-тамызда сағат түнгі екіде болған.

“Биылғы жылғы 10-тамызда түнгі уақытта спирттік ішімдік ішу кезінде полицияның бұрынғы қызметкері М.Ж.Жетпісбаев, Жамбыл облыстық ішік істер департаментінің басқарма басшылары М.И.Үмбетәлиев пен Е.О.Бектұрғанов қақтығысып, кейін қақтығыс төбелеске ұласқан.

Салдарынан, Үмбетәлиев М.Жетпісбаевқа пышақ салған, Бектұрғановқа пышақпен жарақат салған”, – дейді министрліктің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Айтуынша, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 24-баптары бойынша (“Адам өлтіруге оқталу”) соталды тергеу басталған.

“Қазіргі уақытта М.И.Үмбетәлиевті ұстауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр. Ал Е.О.Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, министрліктің ресми өкілі қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті басшылығын жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылып жатқанын айта кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз