Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Таразда жайнамазды тепкен бапкерге қатысты күтпеген жайттың беті ашылды (видео)

https://kaz.365info.kz/zhek-koredi-ajaru-bakhytbek-khazakhtardy-zhamandady-327800

Аз уақытта желіде кең таралып, көпшіліктің ашуын туғызған бейнежазбадағы балалардың бірі – Шу, екіншісі Қаратаудан екені белгілі болды. Ал ата-аналары ұлдарының намазға жығылғанынан бейхабар екен.

https://kaz.365info.kz/alayakh-dejdi-tanymal-anshini-astana-men-atyrau-zhyrty-sabylyp-izdep-zhatyr-video-327724

Сондықтан желіге тараған видеоны көріп өздері де аң-таң болыпты. Сондай-ақ олар балаларының қулығы үшін қатты қынжылатынын жеткізіп, мұсылман қауымы мен жаттықтырушыдан кешірім сұраған.

“Балаларының теріс ағымда оқып жатқандығын айтты. Дер кезінде жаттықтырушы көріп тоқтатқаны және видео түсіріліп жатқан кезде намаз уақытының болмағандығын, үштің кезі екенін мойындап отыр”, – дейді Жамбыл облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп интернаты директорының орынбасары Ердос Әкімов.

Оның айтуынша, бір жылдан бері негізгі құрамға іліге алмай жүрген қос шәкіртке соңғы сыннан сүрінсе интернаттан шығу қаупі төнген. Бұған бапкерді айыптаған жасөспірімдер оны аяқтан шалуды мұқият ұйымдастырған көрінеді. Екеуі қызу қанды жаттықтырушының теориялық сабағына қатыспай, оның бөлмеге келуін күтіпті.

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-zhokhta-tyrkistan-oblysynda-khajyn-atasy-kelinin-eki-zhyl-zorlagan-327863

Алмат Баетов жасөспірімдердің адасып жүргендерін әу баста байқап, өзгелердің санасын уламауды ескерткен екен. Бірақ оған шәкірттері пысқырып та қарамаған.

Дереккөз: Ктк арнасы

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз