Көлікті ер адамдардан кем айдамайтын әженің видеосы әзіргі күні әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.
Сырт қарағанда апамызды темір тұлпардың құлағында ойнайды деп мүлде ойламайсың. Алайда зейнеткер таксиде жұмыс істейді және рульде өзін өте еркін сезінеді екен.
Темір тұлпарды тізгіндеген әжейдің видеосы әзір YouTube-та жүр. Әжей жанына отырған жолаушыдан оның қайда баратынын анықтау үстінде.