«Тараз» криминалдық драмасы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жатыр. Фильмге қызығушылардың көптігі сонша, санаулы күнде түсірілімге кеткен шығынның жартысынан астамын қайтарып алған. Туындының 4 күндік табысы – 85 миллион теңге. Тіпті, жұрттың «Таразды» бір емес, бірнеше мәрте тамашалап жатқанына қарағанда, ол өз-өзін ақтап қана қоймай, мол пайдаға кенелетін сыңайлы.