Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Тамара қазір қайда екен…? Баяғыда бір келіншекпен пойызда төсектес болдым

8658

Маусым айының басында атам марқұм ешнәрсеге қарамай, Қарағанды облысында тұратын қызы, менің апайымның ауылына ала жөнелді.

Содан, екі-үш айдан кейін апайымның жолдасы, жездемнің пысықтығының арқасында студент атанып шыға келдім. Уақыт деген жылдам ғой. Көзді ашып-жұмғанша қиынынан қызығы көп студенттік өмір қас-қағым сәтте өте шықты.

Жоғары білімді маман атанған мен ауылға қарай тарттым. Ауылда бір-екі жыл еңбек етіп, жаман болған жоқпын. Ауылдың белді бір азаматы атандым. Оған мамандығым да әсер еткен болар. Кеңес заманында ауылдық жерде жұрттың бәрі бірдей орыс тіліне жүйрік емес еді.
https://kaz.365info.kz/khyda-balamen-konildes-bolgan-kelinshektin-angimesi-268533
Өмір осылай өтіп жатты. Бірде жездемнің ауылынан қаралы хабар жетті: жездемнің жақын туысы бақилық болыпты. Өмірлік мамандық алуға жәрдемдескен жездеме деген алғысым шексіз болғандықтан, мен де жолға қамдана бастадым.

Сонымен жездемнің ауылына барып, құдамызды соңғы сапарына аттандырдық. Жас кезімнен жиендеріме бауыр басып қалғандықтан, мен басқа бауырларыма қарағанда, жездемнің ауылында ұзағырақ болып, қайтқан едім.

Сөйтіп, бір күні елге қайтпақ болып, Қарағандыға келген едім. Сөйтсем,

тай-құлындай тебісіп бірге өскен студенттік достарым басқа билет болмады деп, маған СВ-ға билет алып қойыпты.

Қымбатқа түседі-ау деген уәжімді құлағына да ілмеген олар? Жол-қаражатымды өздері көтергенін айтты.

Сонымен не керек,

достарыммен қимастықпен қоштасып, вагондағы орныма жайғасайын деп келсем… менің купемде дастарқан жайнап тұр!

Мойны сорайған коньяктің жанынан қазы-қарта, жал-жаяның жанынан түрлі тәттілер де орын теуіпті.

Енді жайғаса бергенімде купеге бет-әлпетімен дене бітімі керемет келіскен келіншек кіріп келді. Сасқанымнан, орнымнан атып тұрып, “проходите” деппін.

Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше демекші, аздап тілдескеннен кейін, әңгімеміз жарасып кетті. Сөйтсем, қасымдағы келіншектің есімі Тамара, өзі дәрігер екен. Қарағандыға іссапармен келген көрінеді.

Пойыз қаладан шығысымен біз дастарқан басына жайғастық, әңгімеміз жарасып, шөлмектегі коньяктың тәмәм болғанын байқамай қалыппыз. Мен өзімше жігіттік жасап, тағы біреуін алып келуге ыңғайлана бастағанымды байқаған Тамара, керек емес, демалайық деген ишарат білдірді.

Келісуге тура келді. Ол жуынып-шайынайын деп шығып кетті. Ол келген соң мен де киім ауыстырып, беті-қолды шаю үшін купеден шығып кеттім.

Өзімді ретке келтіріп, купеге оралған соң баса-көктеп кірмей, рұқсат сұрап есік қағып тұр едім,

есік ашқан Тамара жамылған көрпесінің шетін ашып, “келе ғойшы” демесі бар ма?!

Шешінген судан тайынбас. Көршімнің қойнынан қалай кіріп кеткенімді байқамай қалдым. Ауылдан шыққалы біраз болғандықтан ба, әбден “шөлдеп қалыппын”. Таң атқанша маза болмады, Тамара да жай қатын емес екен, болдырса да сыр бермей, мені әбден састырды.
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-baskha-ajelmen-menin-kozimshe-tosektes-boludan-tajynbajdy-ne-istejmin-315280
Дегенмен, таң ата көзіміз ілініп кетіпті. Көзімді ашсам, Тамара да ояныпты. Сәлемдескеннен кейін жуынып-шайынып, өзімізді ретке келтіре бастадық.

Ыстық құшағын көргеннен кейін Тамараға өзімсініп, сөйлесем жақтыртпады.

Бір кезде Тамара маған қарап отырып,

– Бәрі күшті болды, өзіңе ризамын, айызымды қандырдың. Бірақ бұдан былай біз бір-бірімізді танымаймыз. Мені қазір бала-шағам күтіп алады. Сондықтан қош бол, жол түссе кездесерміз, әйтпесе мені есіңе алмай-ақ қой, – демесі бар ма?!

Көндім бұған. Бірақ

ұзақ уақытқа дейін сол жолаушы келіншектің ыстық құшағы ойымнан кетпеді. Дүние деген қызық қой осындай, жол үстінде осындай кездейсоқ кездесулер де болады екен!

https://kaz.365info.kz/okhushymen-tosektes-bolgan-mygalimder-video-305288

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз