Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Тамара Асар: Әкемнің қызғаншақтық туралы айтқаны өміріме сабақ болды

202

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар танымал әнші Тамара Асардың қызғаншақтық туралы өз ұстанымы бар. Ол ұстанымға келуіне оның әкесі себепкер болған. Бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында әнші толықтай баяндап берді – дейді BAQ.kz тілшісі.

 Танымал әнші өз басынан өткен бір оқиғаға қатысты әкесінің айтқан ақылы әлі күнге дейін жадында жатталып қалғанын баяндайды.

«Ауылдағы үй… Әкем төрде көзінде көзілдірік, газет оқып отыр, анам жыбыр-жыбыр әйтеуір бірнәрсе жасап жүр. Менің ішім күйіп-жанып барады. Олар маған мән беріп те отырған жоқ. Мен біресе жүрем, біресе отырамын, мазам жоқ. Шыдай алмай әкеме қарап (әкемді тәте деймін):”ТӘТЕ, мен оны қызғанып бара жатырмын, не істеймін?!!!” – дедім көзім жасқа толып… Әкем өте асықпайтын, байыппен қозғалатын адам. Газеттің арғы жағынан бетін көре алмай тұрмын. Жәйлап газеттің төмен түсе бастағанын байқадым, жүрегім тарс-тарс. «Не айтар екен?!!! Неге айттым??! Жындымын ба, әкеме осылай айтқаным???”’ деген ойлар өлтіріп барады… Газет түгелдей төмен түсті, әкем көзірдірігін мұрнының ұшына дейін апарып тіреп қойды да: “Балам есіңде болсын, ҚЫЗҒАНШАҚТЫҢ БІР НЕСІБЕСІ КЕМ БОЛАДЫ, адам қызғанған сайын өз құтын өзі қашырады. Ақылың болса, менің осы айтқаным жайында терең ойлан да, шешімді өзің шығар, сосын мәңгі есіңде сақта”-деді…

Сонда менің ойыма келгені бір-ақ нәрсе “БІР НЕСІБЕСІ КЕМ” демек, мен көп қызғансам, онымен өтетін күндерім кемиді… Себебі қызғаншақ адамның түрінен де, мінезінен де, сөзінен де өзінен де қаша бастайды СЕЗГЕН адам… деп шештім. Сол күннен бастап менің ішімдегі “Қызғаншақтық” деген паразит қайтыс болды… Раxат!!! Есесіне мынандай керемет қағидаға келіп маңдайымды тіредім: “не нәрсе болса да (тізімді өздеріңіз жасай беріңіз) “Менікі, МАҒАН ғана бұйырады” себебі ол ЖАРАТҚАННАН келген жарлық…

P.S. Мен ішкенім мен жегенімді, кигенім мен сүйгенімді айтып мақтануға ыңғайсызданатын Адамдардың бірімін. Дей тұрғанмен пендемін ғой… Арасында үлкен қуаныштарды Сіздермен бөлісуге рұқсат болсыншы “Пендеге СЫЙЛЫҚ АЛЛАДАН келетін НЕСІБЕ, келесі бір СЕБЕПШІ пендесі арқылы”. Сондықтан құттықтаған Жандардарға да, жаныма тиетін реніш сөз жазған жандарға да сондай СЫЙЛЫҚТЫ нәсіп етсін» – дейді Тамара Асар.

Иә, қызғаншақтық туралы көптеп айтуға болады. Десе де, қызғаныштың артында менмендік пен махаббат, өзімшілдік пен жақсы көру қатар тұратынын еске сақтаған абзал.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз