Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Талон алып үлгермепті». Алматыда ЦОН-да көз жұмған азаматтың аты-жөні белгілі болды

Әйелі қағазды толтырып жатқанда ол бірыңғай электронды кезектің талонын алып үлгермей, өзін жайсыз сезінген. Оған сол арада кезекшілік еткен медициналық көмектің медбикелері 09:42 уақытында көмек көрсеткен. Жедел жәрдем көлігі сағат 09:52-де келіп жетті, алайда ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. „Азаматтарға арналған Үкімет„ мемлекеттік корпорациясы Жарас Нұркібайұлының туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады„ деп хабарлады аталған мекемедегілер.

„Азаматтарға арналған Үкімет„ мемлекеттік корпорациясы созылмалы дерті бар азаматтарға Халықққа қызмет көрсету орталығына адам көп болатын уақытта қызметке жүгінбей-ақ қоюға кеңес береді.

Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығында мүгедек және аяғы ауыр әйелдерге арналған жеке терезе барын еске салады. Ал І және ІІ-топтағы мүгедек жандар №1414 нөмірін теру арқылы ЦОН қызметкерлерін үйге шақырып, тіркеле алады.

Еске сала кетелік, бүгін – 16-қаңтарда таңертең Алматыда Алатау ауданында бір ер адамның көз жұмғаны хабарланған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз