Талдықорғанда екі мейрамхананың ұжымы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмірді тегін үлестіріп, көмектесіп жүр, деп хабарлайды Stan.kz.
«Бей-жай қарай алмайтын жандардың бәрін осындай шараларға шақырамыз. Біреуге жылу сыйласаң, ол міндетті түрде өзіңе қайтып келеді. Басқа адамдар да үлгі алу үшін ғана осы ақпаратты таратып отырмыз», – дейді мейрамхана басқарушысы.
Қайырымдылық шарасы кезінде түсірілген видео Facebook желісіндегі “Талдыкорганец” парақшасында жарияланды.