Полицейлер 30 жастағы Талдықорған тұрғынын бірнеше мәрте ұрлық жасаған деген күдікпен қамауға алды.
Бұл туралы Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, sputniknews.kz хабарлады.
Келіншек аяқ киім дүкендерінің бірінде жалпы сомасы 356 мың теңгеге бірнеше аяқ киім ұрлағаннан кейін ұсталған. Талдықорған қылмыстық іздеу бөлімшесінің жедел қызметкерлері тексеру кезінде ұсталған әйелдің тағы төрт ұрлыққа қатысы барын дәлелдеді.