Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Тайраңдап…”. Роза Әлқожа қазіргі келіндерге көңілі толмайтынын айтты (видео)

Әнші өзінің де ене болатын күнінің алыс емес екенін мәлімдей келе, отбасыда жаңа түскен келінге еркіндік беретіндерді сынға алды.

“Болашақта келін түсіретін ене ретінде жиі ойланамын, қазір келіндерге бәріне рұқсат беріп қойдық. Қазір келіндеріміз, шашпен, тырнақпен әуре. Кірпігі түсіп қалса да, жүйкесі ауырады. Ал бұрын бір имандылық болды. Шаш орамалдың астында, тырнақ өсірмейді.

Менің бір құрбыларым бар. Олар “Келінге орамал тақпа деп айттым. Сәлем салма деп айттым. Қалағаныңша жүр деп айттым” дейді. “Қалағаныңша жүр”дегеннің артында қайтара алмайтын қасірет бар.

Келін жаңа түскен отбасыға 5-7 жылда сіңіп кетеді. Ол осы уақытта үлкендерден бата алуы керек. Балалы болуы керек. Алайда қазір келінді “қыз” сияқты ұстап, артынша “тайраңдап кетті” деп ренжіп жатамыз. Келіннің табиғатын заманауи қазақтар өзіміз бұзып жатырмыз.

“Сәлемді” келін не үшін салады? Ол қайынағасының бетіне қарамау үшін, қайын апасынан именіп тұру үшін, қайнысына көңіл бөлмеуі үшін сәлем салады.

Қазақтың салт-дәстүрін заманауи түрде жаңғыртуымыз керек. Келіндер баратын жеріне барсын, қатарынан қалмасын. Бірақ салт-дәстүрді де ұмытпасын”, – деп ағынан жарылды әнші.

https://youtu.be/2gfhiH3o7wQ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз