Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тайланд өздерінде жасырынып жүрген шымкенттік бизнесменді Отанына кері қайтарды

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

“36 жастағы Марат Жұпқазиевқа экономикалық қылмыс жасағаны үшін Мемлекеттік кіріс комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті іздеу жариялаған. Ол ұйымдасқан топ құрамымен бірнеше жалған кәсіпорын құрып, салықтан жалтаруға мүмкіндік тудырып, мемлекетке 4 млрд теңге көлемінде қомақты шығын әкелген деп айыпталады” делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Қазір Жұпқазиев Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.

Еске сала кетсек, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, алдында сотты боп көрмеген Жұпқазиев тергеуден қашып, тығылған. Іздеу түрі – халықаралық.

ҚР Қылмыстық кодексінің 3 бабы бойынша айыпталған: 215-баптың 3-тармағы, 245-баптың 3-тармағы және 262-баптың 1-тармағы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз