Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Табыс әкеле бастаған Қазақстан киноларының тізімі жарияланды

Режиссер Сергей Снежкин түсірген «Көшбасшы жолы» – «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін де табысты жобалардың бірі деп атауға болады. Фильмнің премьералық көрсетілімі Франция, Ресей, Қытай, Грекия және Гонконгта өтті. Телевизиялық прокатпен ресейлік «Дом кино», «Мир 24» арналарында және Грузия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстанды қамтитын «Первый канал. Время» бүкіләлемдік желісінде көрсетілді. Польша, Беларусь, Украина және ТМД елдерінде көрсету жоспарланған.

Жалпыұлттық прокат көшбасшыларының үздік бестігіне Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы енді. Фильм прокатта рекордты екі ай жүрді және көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ялтадағы «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің Гран-при иегері атанды. Өткен жылдың қазан айында картина Лос-Анджелесте көрсетіліп, батыс баспасөзі мен жергілікті қауымның үлкен қызығушылығын тудырды.

Алғаш рет әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильміне берілді. Фильм Еуразия халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі деп танылды.

Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» картинасы «Оскар» жүлдесінің «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына үміткерлер тізіміне енді. Оңтүстік Кореяда 20-шы Пусан халықаралық фестивалінің (2015 ж.) «Жаңа ағым» бөлімінде Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмі бас жүлдені жеңіп алды.

Биыл «Оскар» жұлдесін алған режиссер Эдом Джонс пен голливудтік Кэри Гранат «Әміре» фильмін ұсынғалы отыр.

Рүстем Әбдірашевтың «Алмас қылышы» («Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы) Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ең үлкен тарту болды. Картина еліміздің барша кинотеатрларында көрсетіліп жатыр және қазақстандық көрермендердің жоғарғы бағасына ие болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз