Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
11
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Тағайындалған сәтінен-ақ қазақша сөйлеген жаңа премьер-министр жұртты сүйсінтті

“Өзімнің бар күш-жігерімді, білімімді, тәжірибемді осы жұмыста аянбай еңбек етуге арнаймын деп сізді сендіргім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысын өткіздіңіз. Сол кеңесте алдағы уақыттағы үкіметтің стратегиялық бағыт-бағдарламасын белгілеп бердіңіз.

Ең маңыздысы, сіз халқыңыз үшін, халқыңыздың ойында жүрген түйткілі, мәселесі – “Нұрлы жер” бағдарламасын орындауға тапсырма бердіңіз. Менің түсінігімде сіздің “Нұрлы жол” мен “Нұрлы жер” бағдарламаңыз Мәңгілік елдің мызғымас фундаменті болып саналатынына ешқандай күмәнім жоқ.

Сондықтан да үкімет парламентпен үйлесімді жұмыс жасай отырып, сіздің үкімет алдына қойған барлық тапсырмаларыңызды орындайды деп сендіремін” деді жаңа премьер-министр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз