Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тәуелсіздік жылдары 2 миллионға жуық жаңа жұмыс орны ашылды – Нұртай Сабильянов

«Ұлтымыз үшін тәуелсіздік – асыл қазынамыз. Тұтас бір халықтың тағдыры сыналған шешуші сәтте ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарабаев ел тізгінін қолына алды. Ол тәуелсіздіктің туын тігіп, тар жолда кідірмей, тайғақта сүрінбей, жол бастады. Ел мүддесін мұрат еткен Елбасымыздың еңбегінің арқасында жарқырай келген жас мемлекет алға қадам басты», – дейді депутат.

Сонымен қатар, Нұртай Сабильянов тәуелсіздік жылдары жүргізілген қаржы реформаралына тоқталды.

«Нақты жүйеге бет бұрып, жекешелендіру жүргізілді. Инвестициялар тартылып, шетелдерден өзара сауда қатынастары жақсы жолға қойылды. Төл теңгеміз қолданысқа енгізіліп, дербес қаржы жүйесі құрылды. Жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалып, жеке кәсіпкерлік қарқынды дамыды. Бұл тәуелсіз еліміз үшін бұрын-соңды болмаған нәтиже берді. Оған дәлел – тәуелсіздік жылдары мемлекет бюджеті 1 100 есеге өсті. Жалпы ішкі өнімнің үлесі 1,5 есеге ұлғайды», – дейді Н.Сабильянов.

Сондай-ақ, халық қалаулысы бұл өзгерістердің ұлттық экономикаға оң әсер еткенін айтты.

«Мемлекет басшысының ұлттық қорды құруда ел экономикасының еңсесін тіктеп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды. Жалақылар жыл сайын еселеніп, 2 миллионға жуық жұмыс орны ашылды. Инфрақұрылымдар қайта қалпына келтіріліп, дамып, ел игілігіне жаратылды», – дейді ол.

Сөз соңында Нұртай Сабильянов еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін маңызды жобаларды қолға алғандығын мәлімдеді.

«Ұлттық экономиканы әртараптандыруға баса мән берген Қазақстан бір ғана индустриялық бағдарламасының аясында соңғы 6 жылдың ішінде 4 трлн теңгені құрайтын 1 мыңға жуық жобалар жүзеге асырылды. Жаңа кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнімдер шығарып, қазақстандық бренд қалыптасты. Осының барлығы қаржылық дағдарысқа төтеп беріп, экономикмызды дамытып, мемлекетімізді биік белестерге жеткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы», – деп түйіндеді депутат сөз соңын.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламент палаталарыны бірлескен отырысында Тәуелсіздік декларациясы қаралып жатыр. Маңызды жиынға жалпы 104 депутат, ҚР Премьер-министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Презилдент әкімшілінің басшысы, Конституциялық кеңестің, ҚР Жоғарғы сотының төрағалары, Үкімет мүшелері қатысып отыр.

getfoto

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз