Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тұтқындалған Сақташ Хасеновтың алған пара ақшасының көлемі белгілі болды

Тергеу Сақташ Хасенов пен оның сенімді адамы Решетько ай сайын кәсіпкерлердің Қазақстанға әкелінетін өнімнің әр келісіне ақы төлеуіне тура келген белгілі бір сома белгілеп отырғанын анықтады деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сақташ Хасеновтың заңсыз қамқорлығымен осы жылғы наурыз бен қазан аралығында ел аумағына 7,4 мың тоннадан астам құс еті әкелінген.

Қос құзырлы өкілдің алған параның көлемі 37 млн теңгеге жеткен. Қылмыстық жолмен келген ақшаны Сақташ Хасенов өз қажетіне жұмсаған. Оның ішінде осы жылы қазанда салоннан 2016 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 200 көлігін сатып алған.

Қазір ол сот санкциясымен тұтқындалды. Сот алды тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, 4-қарашада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы пара алды деген айыппен ҚР ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновты ұстаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз