Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
6
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Түркияның экс-премьері Ресейдің әскери ұшағын атып түсіруге бұйрық бергенін мойындады

Ол Бас штабқа премьер-министр жазбаша түрде бұйрық беретінін айтты. Мұндай бұйрық 10 қазанда беріліп қойған екен. Онда Түркияның әуе кеңістігін бұзған сириялық қана емес, кез келген елдің ұшағын атып түсіру туралы айтылады.

– Ресей ұшағы да әуе кеңістігін бұзды, оған бірнеше мәрте ескерту берілді, содан кейін әскерилер бұйрыққа сәйкес әрекет қылды, – дейді ол.

Алайда, Ресей Қорғаныс министрлігі ұшақтарының Сирия аспанында ұшқанына дәлелдер келтіріп, түркиялық тараптың жала жауып отырғанын айтады.

Айта кету керек, 16 шілде күнгі Түркиядағы төңкерістен кейін тұтқынға алынғандар арасында Ресейдің Су-24 ұшағын атып құлатқан ұшқыштың да бар екені хабарланды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз