Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркиядағы терактіге қатысты 40 күдікті ұсталды, олардың арасында қазақстандықтар да бар

Агенттіктің келтірген мәліметіне сүйенсек, Ыстамбұлда жаңа жылдық кеште түнгі клубта болған терактіге Қазақстан азаматының қатысы барлығы туралы түрік басылымында жазылған.

„Біз қазір бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Қосымша мәлімет болса, бірден хабар береміз„ – деді ҚР сыртқы істер министрлігіндегілер.

Түріктің Dogan ақпарат агенттігі Түркияның құқық қорғау органы қызметкерлері терактіге қатысты 40 күдіктіні ұстады деп хабарлады.

Ұсталғандардың ішінде 20 бала да бар: 9 ұл бала және 11 қыз бала. Ұсталғандардың басым бөлігі – Дағыстанның азаматтары, сонымен қатар ішінде қырғыздар мен қазақстандықтар да бар көрінеді. Басылымның хабарлауынша, қазақстандықтар Түркістанның тумасы көрінеді.

Полиция Ыстамбұлдың Зейтинбурну ауданындағы 8 мекен-жайға бас сұққан. Алдында Измирде 27 адамның ұсталғаны хабарланған. Олардың арасында 3 отбасының мүшелері бар, құқық қорғау органы мәліметі бойынша, теракт жасады деп күдікке алынған олар Коньедегі бір үйде тұрған.

Еске сала кетелік, жаңа жылдық кеште түркия мегаполиісінің қақ ортасындағы Reina түнгі клубына түн ортасында қарулы шабуыл жасалған. Қаруланған лаңкестер клуб күзетін жайратып салып, 700-ден аса адамы бар ғимаратқа баса-көктеп кіріп, оқ жаудыра бастаған. Түркия СІМ мәліметі бойынша, қарулы шабуыл салдарынан 39 адам мерт болып, 69 адам жарақаттанған. Шабуыл жасағандар әлі іздестіріліп жатыр. Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша, бұл терактіні ДАИШ содырлары өз мойынына алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз