Бүлікшілер тікұшақпен Грекияға ұшып барып, осы ел басшылығынан саяси пана сұрап жатыр.
Бұл туралы kaz.tengrinews.kz хабарлайды.
Black hawk түріндегі тікұшақтың түрік полициясының иелігінде екені хабарланып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ апат сигналын берген.
Төтенше жағдай орнына барғандардың мәліметі бойынша ұшып келгендердің Түркиядағы бүлікке қатысы бар, олар Грекияда саяси пана сұраған. Расталған мәліметтер бойынша, тікұшақ бортында жеті әскери болған. Түрік әскерилерінің шені жайлы мәлімет жоқ, себебі олар формасындағы шен белгілерін шешіп тастаған. Бұл іс Грекияның Сыртқы істер министрлігіне берілді.
Түркия өз кезегінде Грекиядан әскерилер мен тікұшақты беруін сұрауды жоспарлап отыр екен.
Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Ал сенбіде түрік премьері бүлік шығарғандардың ұсталғанын мәлімдеді.