Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Түркия парламентінің төрағасы арадағы достық қарым-қатынастың тұрақтылығына тоқталды

Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы біздің мемлекеттер Ресейге қатысты достас елдер екенін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Түркия Ресеймен бұрынғы қатынасты қалпына келтіруге ниетті.

– Біз қазір Ресеймен байланысты нығайтуға кірісіп жатырмыз, – деді Түркия парламентінің төрағасы.

Еске сала кетейік, Түркия Президенті Реджеп Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинге ресейлік ұшқыштың қаза табуына байланысты өкініш білдіріп, оның жанұясынан кешірім сұрайтыны жазылған хат жолдаған соң, Мәскеумен байланыстың тоңы жібіді. Осыдан кейін сегіз айлық үнсіздіктен соң екі елдің басшысы телефон арқылы сөйлесті.

Жергілікті сарапшылар мен БАҚ түрік және ресейлік тарапты 2015 жылы қараша айында ресейлік әскери ұшақ төңірегінде болған оқиғадан кейін туындаған мәселелерді шешуге шақырған бітімгерді іздеді.

Көп күттірмей жауап та табылды. Алдымен Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым, кейін ел Президенті Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаев Түркия мен Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтіруге зор үлес қосқанын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз