Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Түркия компаниясына тиесілі ұшақтағы төбелеске кінәлі оқиға куәгері ретінде жауапқа тартылды

Еске сала кетелік, Ақтау халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:16-да ATLAS JET\ATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі мәжбүрлі түрде келіп қонған. Онда 11 жолаушының арасында төбелес болғаны айтылды.

Кейіннен төбелеске жеке кәсіпкер, жас актриса Айнұр Нұрсейіттің мас әкесі себепші болғаны белгілі болды.

„Ол удай мас болды. Ешкімге бағынбады.Оны ременмен байлауға тура келді. Ал Айнұр Нұрсейіт бортсеріктің қолын қаламсаппен сырды„ дейді оқиға куәгері.

Ал Айнұр Нұрсейіттің айтуынша, ұшақта әйел баласымен отырған. Оның баласы жылап, елдің мазасын алады. Әйел оны жұбатуға еш әрекеттенбеген.

«Ол әйел қасында отырған анасымен ұрсыса бастады. Сосын біздерге айқайлады. Арада дау шықты. Менің әкем біздерден бөлек отырған. Ең жаман жері, ол ішіп (алкоголь) алған болатын. Жалпы, ол – табиғатында өте жуас адам.

Оның ішіп алғанын біліп, әлгі келіншек оған тиісе бастады. Әкем оның айқайына шыдай алмай, қарсы шықты. Осы кезде бір жас жігіт әкемді бетінен ұрып жіберді. Төбелес басталып кетті. Әкем – ІІІ-топтағы мүгедек. Сондықтан, ол жанжалдан аулақ жүреді. Ол – спортшы емес, суретші», – деді Айнұр Нұрсейіт.

«200 жолаушыны тасымалдап келе жатқан ұшақ экипажы борттағы үш жолаушының кесірінен Ақтау әуежайына қонды. Олар мас болып, қасындағы адамдарды, бортсеріктерді балағаттаған», – делінген Көліктегі ішкі істер департаментінің хабарламасында.

Анықталғандай, айқай шығарған үш жолаушы Алматы облысының тұрғындары болып шықты.

Айнұр Нұрсейіттің айтуынша, оның әкесі оқиға куәгері ретінде әкімшілік іске тартылып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз