Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түрік лицейлерінің атауы “Сапат” деп өзгертіледі

“Біз “Себаттың” немен шұғылданатынын білеміз. Бәлкім Түркияда осындай лицейлердің бүлікке қатысы бар шығар, бірақ біздің лицейлерге осындай айып таға алмайсың. Соған қарамастан мен ұйымның жарғысын тағы да тексеруді тапсырдым. Бұл бар болғаны мектеп, жақсы мектеп. Лицейлердің атауы “Сапат” деп өзгертіледі, ол сапа деген мағынаны білдіреді”, – деді Атамбаев.

Президенттің айтуынша, Білім министрлігі бұған дейін де осы мектептердегі білім жүйесін бақылап келген, бақылай береді де.

Еске салсақ, биыл 16 шілдеде түнде Түркияда әскери төңкеріс жасауға әрекеттенді, билік бүлікті күшпен басты. Түркия билігі бүлікті АҚШ-та тұратын дін уағыздаушы Фетхуллах Гүлен ұйымдастырды деп есептейді. Ресми Анкара оны Түркияға қайтаруын талап етті. Әлемнің 100-ден астам елінде түрік білім мекемелері жұмыс істейді, оларды Гүлен қозғалысы қаржыландырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз