Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желіде таралған видеоға қатысты пікір білдірді

111

Ал банктің баспасөз хатшысы Айбар Олжаевтың айтуынша, банк клиентінің өзі жинаған қаражатына да пайыз есептеледі деген мәлімдеме жасаған заңгердің мәліметі шындыққа жанаспайды.

“Клиент “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде” 2008 жылдың 17 наурызында есеп ашқан, ал 2008 жылдың 21 сәуірінде аралық тұрғын үй қарызы бойынша кредит беріліп қойған. Түсіндіріп айтар болсақ, клиент банкте қаражат жинаған жоқ, себебі кредит берілген кезде оның депозитінің ашылғанына бір ғана ай болған. (…) Клиент жылдық мөлшерлемесі 5 пайызбен берілетін тұрғын үй қарызын алу бойынша шартты орындамағанын бастапқыда-ақ білген. Яғни жинақтау мерзімі мен төлемдердің реттілігі сақталмаған. Осыған байланысты клиент “Жеңіл” бағдарламасы бойынша аралық қарыз алуға ниет білдірді”, – делінген ресми сауалға берілген жауапта.

ТҮҚЖБ мәліметінше, аралық тұрғын үй қарызы бірнеше жыл бойы қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ, бірақ қажетті соманың 50 пайыз қаражаты барларға беріледі. Бұл 50 пайыз қаражатты борышкер жинақ есепшотына салады, бұл қаражат кепіл болып саналады және кредит берілгенде есепке алынбайды. Мұның орнына банк 7,5-тен 8,5 пайызға дейінгі мөлшерлемеде 100 пайыз сомада қарыз береді. Банктің сыйақысы берілген 100 пайыз қаражатқа есептеледі. Ал салымшы жинап, депозитке салған 50 пайыз сома сол есепшотта қалады, сөйтіп, үш жыл бойында оған банктің сыйақысы мен мемлекеттің сыйақысы қосылады. Үш жыл өткеннен кейін депозитте жатқан 50 пайыз жинақ ақша аралық қарызды жабуға жұмсалады, ал клиент тұрғын үй қарызына өтеді, оның жылдық мөлшерлемесі 3,5-5 пайыз аралығында.

“Клиентке қатысты айтар болсақ, борышкер 2008 жылдың сәуірінде 33 290 000 теңге көлемінде қарыз алып, сол жылдың шілдесінен бастап кредит бойынша төлем жасамай қойды. Банк сотқа жүгінудің алдында реструктуризация ұсынды, бірақ борышкер бұдан бас тартты. Банк 2009 жылдың 5 мамырында сотқа арыз түсірді, сөйтіп, 2009 жылдың 14 шілдесінже соттың шешімімен “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ның борышкердер қарызды өндіру туралы шағым талабы қанағаттандырылды”, – деп хабарлады банктегілер.

zhssb

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз