Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
524
+1.53
EUR
595
+1.84
RUB
6.38
+0.06

Түлкібас ауданында 9-сынып оқушысын зорлап кетті

179

Оңтүстік Қазақстан Облыстық Ішкі Істер Департаментінің баспасөз-қызметі аталған ақпаратты растады. Алайда жәбір көрген қыздың ата-анасының қалауымен, толық мәліметті беруден әзірге бас тартты.

Білуімізше, 1994 жылы туылған күдікті, уақытша қамауға алынды.

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент қаласының көпқабатты үйлерінің бірінде 15 жасар қыз 7-қабаттан өзін өзі лақтырғаны туралы белгілі болған. Бірақ оның мұндай қадамға не себептен барғаны белгісіз.

Өзін өлімге қиған 9-сынып оқушысы биіктен құлап, аман қалды. Құқық қорғаушылар қыздың ата-анасы ақпарат таратуға қарсы болуына байланысты, бұл туралы ақпарат беруге де қауқарсыз екендерін айтты. Тек болған жайтты растап берді.

– Кәмелет жасына толмаған балалар жайлы кез-келген ақпаратты тек қана ата-анасының рұқсатымен ғана жария ете аламыз, деп қысқа қайырды ОҚО ІІД баспасөз-қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз