Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

“Сырты маңызды емес…”. Жанар Айжанованың қызы боянатын жігітті жақтап шықты (видео)

1890

Айта кетелік, біраз уақыт бұрын 7 телеарнадағы “Өз ойым” бағдарламасына боянған, басына парик киген визажист жігіт қонақ болған еді. Студиядағылар қазақ жігітіне бұл жараспайтын қылық деп сөкті өзін сол кезде.

«Не бәле мынау?..». Атышулы Байзақова Ләйла Сұлтанқызын жер қылды (видео)

Бұдан соң желіде ұятсыз қылығымен әйгілі Айжан Байзақова осы бағдарлама жүргізушілерін этикадан жұрдай, оңбағандар деп көсіліп пост жариялаған еді. Енді Жанар Айжанованың қызы араға килікті. Оның да студия қонағына бір бүйірі бұрып тұр екен.

Өз қолдауының видеосын Айжұлдыз Адайбекова Insta-Stories-те жариялады.

“Мен Әли Батовты шығармашылық адам ретінде сыйлаймын. Оның креативті ойлайтынын құрметтеймін. Адамды қалай тек сыртқы келбеті үшін келемеждеуге болады? Саған сәттілік тілеймін.

Шымкент тұрғыны аспаннан НЛО-ны байқап, видеоға түсіріп алды (видео)

Ал қонақты бағдарламаға шақырып алып, мазаққа айналдыратын жүргізушілерді түсінбеймін. Қазір – ХХІ ғасыр.

Адамның сырт келбетін сынамай, адамгершілік қасиетіне назар аударуды қашан үйренесіздер?”, – дейді Айжұлдыз Адайбекова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз