Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
5
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Сырттан қарыз алмас бұрын ішкі мүмкіндікті бағамдап алған жөн – Нығматулин

Заң жобасы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде дербес бюджетті кезең-кезеңмен енгізуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі институтын енгізуге, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік процестегі өкілеттіктерін одан әрі кеңейтуге бағытталған.

Талқылау барысында Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының бюджеттік қаржыны тиімді игеру туралы тапсырмасына екпін қойды.

«Мемлекеттің кепілдігімен тартылатын қарыз барлық мемлекеттік органдардың ерекше назарында болуы тиіс. Атап айтқанда, Президент бюджетті тиімді пайдалану бойынша мақсат-міндетті үнемі тапсырып келеді»,-деді Нығматулин.

Сонымен қатар ол барлық сыртқы займдар тыңғылықты есептелуі керектігін қадап айтты. Бұл тұрғыда еліміздің өзінің резервтеріне де назар аудару қажет.

«Біз бюджет пен оның орындалуын қарастырған кезде, кейбір мемлекеттік органдар жыл қорытындысы бойынша миллиардтаған қаржыны игермегенін байқаймыз. Дегенмен де бұл меморганның сыртқы займға бет бұрып отырғандығы да орын алады. Займ алмас бұрын, жеке резервтерді пайдаланған дұрыс болар еді», -деді Нығматулин.

Сөз соңында Мәжіліс төрағасы Үкіметтің өңірлерде аталған заңды кәсіби әрі жаукершілікпен жүзеге асыруына тілек білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз