Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сырдария өзені тасып, 33 елді-мекенге қауіп төнуде

179

Енді өзен етегіндегі Ақсу елді-мекені қауіпті аймақта қалып отыр.

Төтеншеліктер шұғыл көмекке ұмтылды. Зардап шеккендер жоқ. Көп ұзамай бөгеттің жырылған тұсы қалпына келтірілді. Дегенмен бірер минут бұрын Жалағаштың Далдабай ауылының тұсынан тағы да 800 метр бөгеттің бұзылып, су жайылғаны анықталды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жүзге жуық төтеншеліктер жұмылдырылды.

Мамандардың айтуынша, өзендегі су деңгейі әлі де жоғары. Шардара су қоймасынан Сырдарияға 600 текше метр су түсіп жатыр. Қазір дария бойындағы 33 қауіпті аймақ анықталып, барлығы да бақылауға алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз