Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Сұмдық! Оқу ақысын төлей алмаған қыз әкесіндей адамға тұрмысқа шыққан

299

https://kaz.365info.kz/azgyratyn-bopty-16-zhas-kishi-ajel-algan-son-abaj-begejmen-khyzy-sojlespej-khojgan-334113

“Студент қыз жоғарғы оқу орнында ақылы түрде оқиды екен. Әкесі жоқ, бір бауыры мен анасы ғана бар көрінеді.

Таныс имамды мейрамханаға неке қидыруға шақыртқан. Барса кәрі шал мен жас қыз үйленіп жатқан. Әлгі жерде неке туралы куәлік сұратып, қыздың ата-анасын шақыртса, туған ағасы келіп рұқсат берген.

Бауырының айтуынша, бойжеткеннің университетке төлейтін оқу ақысы болмаған, соны жаңағы бизнесмен шал төлепті.

Сондай-ақ, анасы да қызының әкесімен жасты, өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып жатқанына қарсылық білдірмейтінін және ол азаматты «отбасылық досымыз, жанашырымыз» деп сенім білдіретіндерін жасырмаған”, – дейді «Шаңырақ» діни мәселелерді алдын алу және оңалту орталығының басшысы.

«Сақтанған едім…». Жігіт 12 жыл алданып келгенін айтты

Сарапшы осы оқиғадан соң біраз уақыт бойы қыздың болашағы үшін уайымдағанын да жасырмады.

“Мен имамнан әлгі отбасыны сұрап, іздегім келді. Жиырма жастағы қызға қатты жаным ашып, тіпті молдамен сөзге де келдім.

Ақша үшін өзінен 45 жас үлкен шалға екінші әйел ретінде тию деген сұмдық қой.

Әлеуметтік жағдайдың жоқтығы жастарды қайда апаратынын жоғарыда отырған басшылар білсе деп айтып отырмын”, – деп күрсінді теолог.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз