Нұр-Сұлтан
Қазір
-23
Ертең
-10
USD
509
-2.03
EUR
535
-4.79
RUB
5.06
-0.09

“Сұмдық қой, кім бекітіп жүр”. Жазушы оқулықтардағы орыс декабристерін шұқып көрсетті

 

“Үстелдің үстінде шөберемнің кітабы жатыр екен, “Русская литература” дейді, 8-сыныпқа арналған. Мен білмеймін, қандай адам бекіткен бұл оқулықты. Және “Мектеп” баспасы шығарған. Іші толған былық. Баяғы декабристер, Рылеевтің өлеңі жүр, Призывы к свержению власти… Біз соны оқытуымыз керек пе?

Мәселен, мына балалардан сұрасам, Мұқағалиды білмейді.

Мұқағали менің үш бақытым бар дейді. Бірінші бақытым – ол менің ұлтым, екінші бақытым – тілім, үшінші бақытым – Отаным! Өлеңдерін оқысаңыздар, тұтас ұлттың құндылықтарын құрып отыр”, – деп атап өтті ғалым “Нұр Отан” партиясы жанындағы “Мирас” республикалық кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, осы тұрғыда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұлт мүддесіне сай келетін келелі мәселелерді атқару маңызды.

“Мен енді ойлаймын, Елбасымыз бізге осындай тапсырма беріп отыр, мұрсат беріп отыр, барлығымыз енді бар күшімізді салып, осы рухани жаңғыру мақаласындағы айтылған мәселелердің барлығын жүзеге асыруымыз керек. “Туған жер” бағдарламасы бәріміздің көкейімізде болды. Бәріңіз мектепте оқыдыңыздар, Сізге өз туған ауылыңыздың қасындағы төбенің өзін оқытқан жоқ, қайдағы бір Бангладештегі, Африкадағы өзенді, Жердің түбіндегі адам білмейтін Америкадағы ауылдарды оқытты.

Біз енді “Туған жер” бағдарламасы арқылы осыны қолға алуымыз керек,

өйтпесек, біз қандай патриот дайындаймыз?!

Ұлтқа жанын салатын адамдарды дайындау үшін алдымен туған жерін сүюі керек, ұлтын сүюі керек, өзінің туған халқының тарихын білуі керек және оның әдет-ғұрпын, салтын сақтауы керек деп ойлаймын”, – деп түйді сөзін Мырзатай Жолдасбеков.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз