Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Сұлумын, иә!”. ЕХРО көрмесінде таныстырылған малай елінің жаңалығы елді таң қалдырды (фото)

Қызық демекші, малай елінің павильонымен танысқан журналист Гүлмира Аймағанбет таң-тамаша эмоциясымен Facebook-тегі жеке парақшасында бөлісіпті.

“… Мәселен, үстімдегі мына ұлттық көйлекті (қарама-қарсы фотода) виртуальды тұрғыда таңдап, “киіп” алдым. Енді осы фотоны сатып алу үшін ЭКСПО көрмесі қарсаңында ашылған Малайзияның арнайы сайтына кіріп, қазір ғана берген кодты теруім керек. Сол кезде осы суретімді естелікке ала аламын)))” деп жазады ол.

Журналист қарап тұрған интерактивті экрандағы суретке қарасаңыз, бәрін түсінесіз.

Әлеуметтік желіні қолданушылар да: “Күштісін-ай, қандай керемет!” деп өз таңданыстарын жасыра алмай, бұл суретті көптеп бөлісіп жатыр.

Иә, әлем елдері технология, жалпы ағарту жағынан біздің елден озық екені жасырын емес. Қазір шетелде киім-кешек дүкеніне барып керегі жоқ, барлығын интернеттен аласыз. Киімді де интернет арқылы “киіп, өлшеп көрсетеді”. Міне, бұл осы сандық технология жобасының тағы бір жаңартылған түрі секілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз