Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сұлу мен Құбыжық” фильмі неліктен қазақстандық прокатқа шықпады?

133

Сондай-ақ, Голенко Ресейдің қазіргі уақытта фильмді 16+ индексімен шығаруға рұқсат бергенін айтып өтті. Ол министрліктің осы фильмді 12+ индексімен шығаруға рұқсат береді деп сенеді. “Қазақстандықтардың осы фильмді көруі біз үшін өте маңызды. Онымен қоса, біз фильмді Наурыз мейрамына қарай дайындаған едік. Фильм прокатқа шығады деген сенімдеміз, бірақ кешірек шығуы мүмкін. Аптаның соңында дейін прокатқа шығару куәлігін аламыз деп сенемін”, – деді бас директор.

Еске сала кетейік, осыған дейін елімізде “Сұлу мен Құбыжық” даулы фильмін балаларға көрсетуге тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған болатын. “Меломан” компаниясынан кеше, 14 наурызда түстен кейінгі уақытта өтініш келіп түсті. Фильмнің атышулы болғанын есепке алып, фильмнің таныстырылымына министрлік қызметкерлері қатысады, олар көріп шыққаннан кейін шешім шығарады, – деген еді Жаманқұловтың ісі бойынша соттың үзілісінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Күміс Сейітова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз