Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Сүйреп әкетті…”. Досым Сәтпаев Путиннің Қазақстанға қатысты құпия жоспарын айтты

https://kaz.365info.kz/bylaj-bolady-tanymal-sayasattanushy-nazarbaevtyn-bilikti-kimge-khaldyratynyn-ajtyp-berdi-247942

Сонда ресейлік БАҚ Қазақстанда украиналық сценарийге негізделген майдан болады дегенді меңзеп отыр ма? Неге Ресей өз журналистеріне осындай ой айтуға мүмкіндік беріп отыр?

– Майдан тақырыбы орыс саясаткерлері, журналистері мен сарапшыларының миындағы сүйікті тақырыпқа айналды.

 Оны өте оңай түсіндіруге болады: 2014 жыл – бұл Ресей Украинамен қарама-қатынаста атап өткен рубиконның өзі. Шынтуайтқа келгенде, бұл оқиға Ресейдің саяси, ақпараттық және идеологиялық кеңістігін елеулі өзгертіп жіберді.

Сұхбатымыздың басындағы келтірілген біздің қатқыл назымызға, тақырыптар мен пікірлерге қатысты бізге: «Журналистердің айтқанына несіне назар аударасыздар?» дейді.

Кешіріңіз, бірақ дәл осындай пікірді Қазақстан атына Мемлекеттік думада отырған саясаткерлер де айтады

Мәселен, Константин Затулин, Владимир Жириновский. Бұлардың соңғысы Қазақстан мен басқа елдердің атына қанша арандатушы мәлімдемелер жасады десеңізші?!

Немесе сол баяғы Соловьевті алайықшы, ол өзінің «сандырағын» қайдағы бір маргиналдық арнадан емес, жалпыұлттық арнаның эфирінен айтты емес пе?!

https://kaz.365info.kz/bari-zhygirip-ketti-nazarbaev-altynaj-zhorabaevanyn-kholyn-aldy-video-293531

Осы орайда, атап айтарлығы, жақында мен «Левада-Центр» Москва жүргізген әлеуметтік сауалнаманы қарап шықтым.

 Әлеуметтанушылар келесі сұраққа жауап іздепті: сіздің ойыңызша, ресейлік жүргізушілердің қайсысы сіз сенім артатын адам санатына жатады? Деген. Бес орынның алғашқы екеуіне Соловьев жайғасыпты. Түсінесіз бе? Познер 4-орында…

Олар барлығын жау көреді

Мұның барлығы, өкінішке қарай, қазір Қазақстан үшін өте бір жағымсыз, тіпті, қауіпті жағдайдың қалыптасқанын айғақтайды.

Қазіргі таңда Ресейдің саяси истеблишменті, сарапшылар мен журналистер қауымдастықтары кез келген жерден жау іздейтін шовинистердің арбауына түскен бе деген ойға қаласың.

https://kaz.365info.kz/olar-dajyndaluda-sayasattanushy-resejdin-aram-pigylyn-ashty-277708

Кеудесін өшпенділік кернеген оларға жан-жағының бәрі жау – бірі ішкі, басқасы сыртқы жау.

Назар аударсаңыздар, Армениядағы оқиғаның оларға қалай әсер еткенін байқаған боларсыздар. Митингілер басталысымен сол баяғы ресейлік «сарапшылар» мен журналиссымақтар майдан туралы әңгіме қозғап, «мұның бәрін ұйымдастырып отырған – Батыс», деген сарындағы басқа әңгіме айта бастады.

Ал Кремльдің бұл оқиғаны байыпты, сабырмен қабылдағанын байқаған олар, сол мезетте әңгіме ауанын өзгерте қойды. Сөйтіп, ол жақта ешқандай майдан болған жоқ, жай қарапайым халық жемқорлыққа қарсы шықты; бөтен елдің ішкі ісіне араласпаған Путин «мәләдес» деген пікір бой көтере бастады.

Атап айтарлығы, бұл жерде тағы пардокс орын алып отыр. Көпшілік Ресей Арменияның ішкі ісіне араласады деп күтті.

Бұл нені білдіреді? Бұл, өкінішке қарай, ресейлік идеологияның ішіндегі мейнстрим, яғни негізгі ағымда келесі сарындағы пікір қалыптасып қалған.

Ресей көрші мемлекеттердің ішкі ісіне белсенді түрде араласуы керек.

Ал бұл Қазақстан үшін өте қауіпті.

Біз қолшоқпар емеспіз

Мәселен, мені  Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурковтың «Эпоха 14+» деп аталатын мақаласы шошытты. Назар аударыңыз, «14+»!

Яғни ол жаңа заманның басын 2014 жылдан, Украинадағы оқиғалар басталған сәттен алып отыр.

https://kaz.365info.kz/shydamaj-kettim-gylzhan-ergalievany-koligine-otyrgyzgan-khazakh-taksist-zhauap-berdi-foto-316046

Бұл дегеніңіз – Украина оқиғалары Ресейге тізесінен тұрып, бойын тіктеуге, өзін әлемдегі елеулі ойыншы ретінде мәлім етуге жаңа мүмкіндік берді деген сөз.

Ал осы жерде кезінде Ленин сөз қылған «ұлы орыс шовинизмі» мәселесі бой көрсетеді.

Көрші мемлекеттер атына үнемі айтылатын «Ресей саясатына бой түзеп, онымен қатар жүрмейсіңдер» деген айыптаулар тек журналистер мен сарапшылардың ауызынан шығып жатқан жоқ.

Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жақында ғана Қазақстан атына өте бір қызық айып тақты. Қазақстан неге өзінің ЕАЭО-дағы әріптестерімен ақылдаспай, АҚШ-пен визасыз келісімге отырды.

Біздің сыртқы істер министрлігі – «бұл біздің ішкі ісіміз, ал оны біз ешкіммен келісуге міндетті емеспіз», деген орынды жауап қайтарды.

Кезінде Арменияның өзі Қазақстанға «неге сендер Әзірбайжанға қолдау көрсетесіңдер, сендер Еуразиялық экономикалық одақтың және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мүшесісіздер ғой» деп соқтыққан.

Осы орайда, біздің түрлі ұйымдардағы мүшелігімізді Ресейде одақтастық қарым-қатынастың элементі ретінде емес, аға мен іні арасындағы қатынас ретінде қабылдайтын сыңайлы деген ой пайда болады, яғни Москва – аға, ал Астана – іні.

Бірақ біз ресейлік сыртқы саясаттың сойылын соғатын Кремльдің қолшоқпары емеспіз. Бұл Қазақстан үшін тиімді емес, біздің көпвекторлық саясатымызға, халықаралық сахнадағы ұстанымымызға қайшы келеді.

Менің ойымша, жоғарыда айтылған Қазақстанға жасалған ақпараттық шабуыл дегеніміздің барлығы түкке тұрмайтын дүниелер, «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, нағыз сойқан алда тұр.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз