Алматы облысының Панфилов ауданында адам өлтіру оқиғасы болды.
Бұл туралы мәліметті өңірлік ІІД кезекші бөлімінің өкілдері растады деп хабарлады Tengrinews.kz. Видеодан екі ер адамның төбелескенін көруге болады. Біреуінің қолында пышаққа ұқсас зат бар. Бірнеше секундтан кейін олардың бірі ес-түссіз құлайды. Пышақтаған адам кетіп қалады.
“Бізге белгілі мәлімет бойынша, 2017 жылдың 4-маусымында сағат 15.40-та “Қорғас” Шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығы территориясында шекара және кеден өткізу учаскесінде суық қару қолданылды.
Екі саудагер жанжалдасқан.
Олар Қазақстан азаматтары – Кәрібжанов Диас Ернарұлы (1995 жылғы, Көктал ауылында тұрады) және Төлегенов Қуаныш Берікұлы (1992 жылғы, Әулиеағаш ауылында тұрады).
Оқиға салдарынан Төлегенов алған жарақатынан ауруханаға барар жолда қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығысты Төлегенов бастаған”, – делінген полицияның хабарламасында.
Өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдері “Адам өлтіру” бабы бойынша соталды тергеудің басталғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, изоляторға қамалған.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=14&v=DF4ukHOJiw0