Қазақстанға кенедей жабысқан теріскейдегі көршіміз бізді көзден таса қалдырмауға жанын салуда. Кеңесі одағы күйреп, аяқ астынан егемен ел болып, жеке шаңырақ құрып, әледік қауымдастықтан өз орнымызды ойып алсақ та экономикалық одақ құрып, өзінен алыстатар емес.
Міне, осындай “бауырмалдығы мықты” көршіміз қазір сын сағаттың алдында тұр – бір айға жетер-жетпес уақыттан кейін Ресейде президент сайлауы өтпек. Оған біз, әлбетте, бей-жәй қарай алмаймыз.
Ресейдегі президент сайлауы 18 наурызда өтеді.
Биыл президент әдеттегідей 4 жылға емес, 6 жылға бірақ сайланады.
Ресей тағынан сегіз адам үміткер:
https://kaz.365info.kz/putin-zhenedi-birakh-sol-sajlaudan-kejin-orys-halkhy-mort-synady-sayasattanushy-301746
Көріп отырғандарыңыздай,
Путинге қарсылас болатындай мықты кандидат жоқ.
Барлығы дерлік – қазіргі президенттің айналасындағы адамдар.
Сайлауға түсетін үміткерлер тізімі жария болмай тұрып, түрлі болжамдар айтылды. Ресейдің әлеуметтік қызметі «Путиннің орнын кім басуы мүмкін?» деген сұраққа сауалнама жүргізді.
Сауалнама нәтижесінде, үздік бестікке Ресейдің саяси элитасы кірді.
https://kaz.365info.kz/balesin-khara-atambaev-putin-medvedev-stsenariin-zhyzege-asyrmakh-pa-284448
Бесеуі де Путиннің командасындағы саясаткерлер екенін байқауға болады.
Сарапшылардың көбі Владимир Путиннің қайта сайланатынына еш күмән келтірмейді.
Ол бұған дейін үш рет сайлауда жеңіске жетіп, ел басқарғанына аттай 18 жыл толды.
Дмитрий Медеведев президент болғанда да халық оның көзбояушылық екенін,
Медведевтің тек қуыршақ екенін, ал шын мәніндегі билік Путиннің қолында тұрғанын жақсы білді.
Негізі сарапшылардың болжамы қисынға келеді. Рас, Путиннің бәсекелестері әлсіз. Халықтың көбі Путинді қолдайтынын да ескеру керек.
Мысалы, 2017 жылдың аяғында жүргізілген сауалнамаға қатысушылардың 82 пайызы Путинді таңдаған.
Бұдан шығатын қорытынды –
Ресей халқының жартысынан көбі Путиннің жүргізіп отырған саясатын жақтайды, Кремльдің агрессиясына қарсы сыртқы жаулардан Путин ғана қорғайды деп сенеді.
https://kaz.365info.kz/dal-sol-kelmej-akh-khojsyn-putinnin-tagyna-kim-otyratynyn-bilesiz-be-275993
Бізді бірақ нәрсе мазалайды –
Ресейдегі президент сайлауы Қазақстанның сыртқы және ішкі саяси жағдайына қалай әсер етеді?
Біздің ойымызша, екі ел арасындағы жағдай айтарлықтай өзгеріске ұшырай қоймайды. Ресейдегі билік басына кім келсе де, Путиннің жолын ары қарай жалғастырып әкетеді. Себебі, сөзіміздің басында айтып өткеніміздей, Ресей халқының басым көпшілігі Путинді қолдайды.
Сондықтан Путиннің орнына басқа адам келгеннің өзінде ол Путинге ұқсауға тырысады.
Кім сайланса да, Ресейде айтарлықтай радикалды өзгерістер болмайды. Сонымен қатар, Ресейдің көрші елдермен қарым-қатынасында да оң өзгерістерді күту – бос әурешілік.
Қазір Ресейдің экономикасы санкциялардың әсерінен біраз тұралап қалды. Сайлаушыларға жемқорлықтың тамырына балта шауып, кедейлікпен күресетін басшы керек. Сондықтан Кремль сайлау науқанында қатаң сценарий ұстанып, президентікке үміткерлер қатарына ондай адамды жолатқан жоқ.
Кремльдің Украинаға қатысты агрессиялы саясаты өзіне соққы болып тиді. Шаруасы шатқаяқтап, қалтасының түбі көрініп қалды.
https://kaz.365info.kz/kiberputin-resej-prezidenti-akhsh-ty-zhenudin-zhana-tasilin-tauypty-276984
Сириядағы соғысқа араласқан соң, азын-аулақ қазынасы тақыл-тұқыл таусылуға айналды. Қазақстан мен Ресей бір экономикалық одақта болғандықтан, көрші елдегі ауыр жағдай Қазақстанға әсер етіп жатыр.
Президент тағында Путин қалса, өзінің империялық амбициясын айға білеп, зорлықшыл саясатын жалғастырады.
Басқа үміткердің бағы жанса да,
ол Ресейдің жалғыз одақтасы – Қазақстаннан айрылмауға жанын салатыны анық.