Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пойыз билеттерінің заңсыз сатылымымен күреседі

Оның айтуынша, заңсыз алыпсатарлардың билетті анағұрлым қымбат бағаға сататыны баяғыдан белгілі.

“Жазғы маусымда билетке талас басталады және белгілі бір адамдарға жүгіну арқылы оңай билет табуға болады. Біз жүргізген мониторинг осыны дәлелдеді. Барлық өңірде жұмыс істедік. Әсіресе, курорттық орындарға апаратын билеттер заңсыз сатылып жатыр. Мұндай заңсыз оқиғалар Астана, Алматы және Ақмола облыстарында байқалды. Бұл өте жүйелі мәселе”, – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, Бектенов аталған мониторинг жұмыстарының алдын алу шаралары екенін атап өтті.

“Заңсыз алыпсатарлардың басым бөлігі – жеке тұлғалар, олардың вокзал әкімшілігімен қаншалықты байланыс орнатқаны маңызды болып отыр. Мұнда біреуді ұстап алып, жазалау мақсат емес. Біздің міндетіміз – қоғамды ашықтыққа шақыру. Қазір алдын ала сыбайласу фактілерінің бар-жоғы туралы анық айта алмаймын, себебі ешқандай сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Біз жүргізген жұмыстар алдын алу шаралары ғана”, – деп өз сөзін түйіндеді Агенттік өкілі.

 

https://kaz.365info.kz/akhshandy-bersen-boldy-zholserikter-biletsiz-zholaushylardy-mingizgeni-yshin-khansha-akhsha-syrajdy-video-324857

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз