Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Сутенер тұрған…”. Анасынан айырылған Рахман Омардың ұлы шындықты айтты (видео)

244

https://kaz.365info.kz/oltirip-ketti-akter-rahman-omardyn-ajeli-kisi-kholynan-khaza-tapty-foto-321833

Сонымен бірге, ол қылмыс жасалған сәтте пәтердің ішінде болған пәтер жалдаушылардың бірі бостандықта жүргенін де айтты.

Видеоүндеуде анасына деген жантебірентерлік сөзін арнаған жас жігіт Алматы қалалық ІІД мен ІІМ-нен бұл істі қолға алуын сұрады.

 

View this post on Instagram

Маусым айында құрбым Гүлдерайым Омаровадан айырылып қалғанымызды, Алматының қақ ортасында пәтерін жалдап тұрушылардың қолынан қаза тапқанын білесіздер. Соған қатысты тергеу ісі өте баяу жүріп жатыр. Квартиранттарынан 90мың теңге қарызын алуға барады. 2,5 жыл сол пәтерді жалдап тұрған адамдар. Өздері күндіз шақырған. Гүлдерайым барған кезде жанжал шықса керек, ол әпкесіне звондап шақырады. Әпкесінің сол кезде қолы босамай 10минуттан сон хабарласам дейді, содан Гүлдерайымға хабарласа алмайды.Телефонын көтермейді. Алаңдап 1сағаттан соң іздеп барады, квартиранттары есікті ашпай кетіп қалғанын айтады. Астыңыздан су шыкты ма, не болды сізге деп әпкесін үйге кіргізбеген. Оған дейін Гүлдерайым салық төлеуге барам деген екен. Сол жақтан іздейді. Онда да жоқ. Содан үлкен ұлы Досханға звондайды. Анасын іздеп шыққан Досхан квартиранттары тұрып жатқан пәтердің есігін сындырып кіріп, өліп жатқан анасының үстінен түседі. Өз көзімен көреді. Сөйтіп жүргенде әйелдің біреуі бұған пышақ ала жүгіреді.Досхан әрең қашып шығып милиция шақырады. Еденді жуған, пышақты жуған, аққан қанның бәрін тазалап, айғақты жоғалтпақ болған. Кәдімгі әккі қылмыскерлердің ісі. Содан милиция келіп терезеден секірем деп тұрған қылмыскер әйелдің бірін тұтқындайды. Болжам бойынша пәтерде сутенерлер тұрған. Бір еркек, екі әйелдің қатысы бар. Қылмыс болғаннан кейін бір әйел далада жүрген.Көршілері көрген. Бірақ істің ақ қарасы әлі анықталмай жатыр. Тұтқынға алынған әйел аузын ашпайды, енді бірі бостандықта жүр. Қоғамда болып жатқан бұл масқараға неге тиісті орындар бейжай қарап отыр? Әйелдер пышақ алып жүгірсе, ертеңгі күніміз не болады? Құрметті оқырман, Гүлдерайым қорлықпен, жас кетіп отыр. Артында 3 баласы қалды. Мінезге бай, кең пейілді абзал жанның бірі еді. Өзі де 3жасынан жетімдік көріп өскен. Балаларын жеткіземін деп талмай еңбек етті. Ертең қырқы. Ал қылмыскер әлі жазасын алған жоқ. Осыған бәріміз бірге ел болып атсалысайық. Жан-жақты жариялауларыңызды сұраймын. Құрметті БАҚ өкілдері сіздер де қалыс қалмасаңыздар екен. @_stan.kz @kaznews @kazakh_inform @ktktv @31arna @365infokz @astana.tv @kazpress @nur_otan @mvd.kaz Репост жасайық!!! #әділдікорнасын #балажетімқалмасын #анаөліміболмасын

A post shared by Карагоз Сулейменова (@karagozsuleimenova) on

 

Ал Гүлдерайым Омарованың жан құрбысы болған Қарагөз Сүлейменова болса, өзінің жазбасында марқұмның өзі де 3 жасынан бастам жетімдіктің зардабын тартқанын, сұмдық жайтты өз көзімен көрген Досханға көмек ауадай қажет екенін атап өтті.

 

https://kaz.365info.kz/ylyma-pyshakhpen-atylgan-rahman-omar-ajelinin-olimi-turaly-ajtty-322151

28 күні Рахман Омардың бірінші жұбайы Гүлдерайым Омарованы пәтер жалдаушы қыздардың бірі сегіз жерден пышақтап өлтірген болатын.
Анасының өлі денесін пәтердің балконынан тауып алған ұлы Досханды да қылмыскер өлтірмек болған. Алайда Досхан олардың қолынан сытылып шығып, полицейлерге хабарлап үлгерген.

Қазіргі таңда осы іс бойынша ұсталған әйел қамауға алынған.

Дерек көз:Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз