Оңтүстік Корея тұрғыны сушиден уланып қалғаннан кейін, дәрігерлер оның қолын шынтағына дейін кесіп тастауға мәжбүр болды.
Бұл туралы New England Journal of Medicine басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Басылым мәліметінше, 71 жастағы ер адамның суши жегеннен 12 сағаттан кейін сол қолының алақаны ісінген. Бұл шикі балықта кездесетін Vibrio Vulnificus етқорект бактерияларының ағзаға түсуінің салдарынан болыпты.
Алайда қарияға ем көмектеспеген. Ол уланғаннан 25 күн өткеннен кейін дәрігерлердің алдына қайтадан келеді. Анықталғандай, ер адамның тіндері өліеттенген екен. Осыған байланысты дәрігерлер қарияның қолын шынтағына дейін кесуді ұйғарыпты.
Айта кетсек, Vibrio Vulnificus бактериялары – өлімге душар ететін қауіпті ауруларды тудырады. Олар адам организміне теңіз өнімдерін шикі күйінде жегенде немесе ашық жараға теңіз суы тиген кезде түседі.