Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Судьялар Елбасы бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау көрсетеді

Съезд жұмысына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуы жә­не съезде жасаған мазмұны те­­рең, талдауы татымды баян­да­масы өткізілген шараның сая­си құндылығын айқындап бер­гендей.

Елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың же­місті нәтижелері бізді жа­ңа бе­лестерге бастайды.Мем­­­лекетті басқарудың саяси құр­ал­дарының қатарында би­ліктің дер­бес саласы – сот би­лі­гінің ор­ны мен мәртебесі ай­рықша екенін Елбасы үнемі атап көр­се­тіп, оның даму және нығаю бағ­ыттарын айқындауда тың бастамалар көтеріп, олардың орындалу барысын қадағалап отырады.

Соттар қабылдайтын акті­лер заңдылығының басты көр­сеткіші – сот ісіне қатысушы тара­птардың құқықтары мен бостандықтарының Ата За­­ңы­мызда және соған сәйкес қа­былданған басқа заңдарда көр­сетілген жолдармен қорғау дә­режесі болып табылады.

Сондықтан, Елбасының «қа­зіргі уақытта соттар басты құ­қық қорғаушы институт бола бас­тады» – деген бағасы сот жүйе­­сінің мемлекеттік және құ­қық қорғау органдарының ішін­дегі мәртебесі мен орнын дау­сыз айқындап берді деп са­науға лайық. Сот жүйесін оң­т­ай­ландыру бағытында жүр­гі­зі­­ліп жатқан реформалық про­цестердің табысты болуы елі­міз­дің саяси, экономикалық, әлеу­меттік даму бағыттарына ті­келей әсер ететіндігін өмір өзі дә­лелдеп  отыр.

Ұлт жоспары аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету ша­­ра­лары, соның ішінде сот жүйе­­сінің алдында тұрған мін­­дет­тер рет-ретімен, сәтті жүз­еге асу­да. Ендігі мәселе – мем­ле­кет пен қоғам күтіп оты­р­ған құн­дылығы жоғары үкілі үміт­ті ақтау. Осы мәр­тебелі де абыройлы қыз­метті ат­қаруда – республика су­дья­ларының қауымдастығына жау­ап­кершілігі жоғары міндеттер жүк­теліп отыр. Қазақстан хал­қының сеніміне ие болу, жұр­т­шылықтың алғысын алу, заң үс­те­м­дігін қамтамасыз ету аталған міндеттерді табысты атқарудың бірден-бір жолы болып табылады. Бүгінде халық сотқа сенеді, сот актілерінің заңдылығы мен әділеттілігіне зор үміт артады.

Съезд жұмысының қоры­тын­­дыларынан алған әсеріміз біз­­ді терең ойландырады, бі­ліміміз бен талабымызға қуат бе­ріп, болашаққа бастайтын жо­л­дарды таңдауға көмегін ти­гізеді. Тәуелсіздікке қол жет­кізген жылдар аясында қазақ­с­тандық сот жүйесінің жеткен та­быстары туралы аз айты­лып, кем жазылып жатқан жоқ. Біз­дің отандық сот жүйесі ха­лықаралық қатынастарда айтулы дәрежеге жетіп, алыс-жақын мемлекеттердегі әріптестеріміз мойындаған беделге ие болды. Ал алдымызда шешілуін күтіп тұрған міндеттердің ауқымы қол жеткен табыстармен шек­телудің орны жоқ екендігін, сот-құқықтық рефор­маларды жүргізу үздіксіз шаралар жи­ын­ты­ғы екендігін көрсетуде.

Әрине, айтылған мін­дет­тер­дің орындалу барысында басты рөлді атқаратын тұлға, ол – судья. Елімізде Ұлт жоспарының ая­сында болашақ судьяларды дая­рлау және тағайындаудың жа­ңаша, сара жолдары ай­қын­далды. Сот жүйесінің алдын­да тұрған абыройлы мін­дет­терді жүзеге асыруда осы жаңа толқынның атқаратын қыз­метінің орны ерекше болуға тиіс.

Елбасының съезде жасаған баян­дамасында судьяның мәр­те­бесі, атқаратын қызметінің қо­ғамға қажеттілігі туралы са­ли­қалы пікірлер, ұстамды ойлар ай­тылды.

Құндылығы терең тол­ғау­лар­дың бірі – Елбасы бүгінгі судьялар кешегі кең даланың дауылпаздары, данагөй билеріміз Төле, Қазыбек, Әйтекенің, сонан кейінгі Бұқар жыраулардың өшпес іздерін, даңқты жолдарын жалғастырушылары деген қа­нат­ты сөзі деп білеміз.

Әрине, жаңаша жаңару жолын таңдап алған жас, егемен мемлекеттің өзінше да­му ерекшеліктеріне сәйкес, судья­лар­дың мәртебесі де заманауи талаптарға сай болуы тиіс.

Өз дәуірінде атақты Балқы Базар жырау:

«Тәңірісі артық жаратқан,

Ауызына халқын қаратқан,

Қара қылды қақ жарған,

Алдынан топты таратқан.

Баласын жақын көрмеген,

Төресін бұра бермеген» – деп билердің қызметіне баға берген екен.

Арада бірнеше ғасыр өтсе де, осы өсиет бүгінгі заманның шынайы шындығына сай келіп отырғандығын мойындауға ту­ра келеді. Судьялар заңдылық пен әділдіктің бағасын саралай оты­рып, халық мүддесін еш уақытта естерінен шығармауға тиіс. Халықтың мүддесі, ха­лық­тың байлығы, қоғамдағы тұ­рақ­тылық – мемлекеттің сая­си және құқықтық негізі, ірге­та­сы деп бағамдасақ, судьялар қызметінің орны мен беделі нақты айқындала түседі.

XXI ғасыр – Қазақстан Рес­публикасының жаңару мен жа­ң­ғыру ғасыры. Тәуел­сіз­ді­гі­міздің ширек ғасырлық мерейтойына мінсіз қызметіміз бен адал еңбегіміз арқылы тарту жасауға тиістіміз. Елбасы Рес­публиканың судьялар қауым­дас­тығының алдына жақын уа­­қыттарда орындалуы тиіс бес міндет қойды. Асқаралы мақ­сат ретінде заң үстемдігін қам­тамасыз ету шаралары атал­са, осы мақсатқа жету жолын­да судьялардың басты рөл ат­қаратындығы ерекше атап өтіл­ді.

Сот төрелігін жүзеге асыру­дың даңғыл жолы – заңдылықты, заң қағидаларының қасиетін сақ­тау деп түсінеміз. Осы ретте су­дья­­ның мәртебесі мен сот жүйе­сі­нің беделі туралы терең ойланып, өз әрекеттерімізге ар мен заң алдында есеп беруіміз қажет. Ха­лық пен қоғамның сеніміне ие болу судьялар қыз­метінің басты көрсеткіші болып қала береді.

Судьялар өздерінің кәсі­би біліктіліктерін өмір тәжі­ри­бесімен ұштастыра отырып, Елбасының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалық процестерге өзіндік үлес қосуға міндетті.

Бағлан  МАҚҰЛБЕКОВ,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз