Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Су ресурстарын игерудегі тың жоба нәтижелі іске асырылуда

Нұрболат Жұмағалиев, «Қазсушаруашылығы» РМК БҚО филиалының  директоры:

-Жоба бойынша кеңейту керек. Қазір деңгейі 8-10 метрге дейін кеңейтіліп отыр. Бұған бөлінген қаражат 854 млн ақша болса, бүгінгі күнге 464 млн игерілді. Орал өңірі Ресейдің Волгоград облысынан жылына 26 млн, Саратовтан 63 млн текше метр су алады. Сол үшін 1,5 млрд  теңге төлейді. Демек, бір текше метрі 16 теңгеге шығады. Басқа балама көзі болмағасын алғашқысынан алар судың мөлшерін қысқарту мүмкін емес. Ал Саратовтан Қараөзен мен Сарыөзенге жіберілер су көлемін төмендетуге, яғни көршілерге тәуелділікті азайтуға болады. Ел қазынасынан 3 млрд теңге бөліп, Жайықтың суын оңтүстік аудандарға жеткізудегі мақсат та осы.

Нұрболат Жұмағалиев, «Қазсушаруашылығы» РМК БҚО филиалының  директоры:

-Бұл жоба Ресейден жылма-жыл су құны көтерілуіне байланысты. Биыл Ресей суына 1 млрд 548 млн жұмсадық. Келесі жылы осы жоба іске асқанда Ресейге 380-450 млн қаражат төлемақыны азайтамыз. Сонда осы жоба құрылысы 7-8 жылда қайтарымын табады деп есептейміз. Сонымен қатар жобаның жүзеге асуы ауыл шаруашылығына да оң әсер етпек. Арна бойындағы ауылдарда қазірдің өзінде серпіліс сезіледі.

Бекет Қуанышқалиев, Тасқала ауданының тұрғыны, шаруа қожалығының жетекшісі:

-Су бар жерде, тіршілік бар. Осы каналды тазартып, су көбейгеннен бері жас жігіттер шаруа қожалығын ашып, каналдың іргесіне үйін салып жатыр. Ол жастарға жақсы көмек болды. Жобаны іске асыру арқылы 6 мың гектардай көлтабанға су шығаруға, суармалы жер көлемін 130 мың гектарға арттыруға мүмкіндік бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз