ҚР Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысында депутат Ирина Смирнова білім беру саласын қаржыландыру мәселесін көтеріп, қазақстандық мұғалімдердің жалақысы тым аз екенін жеткізді.
Халық қалаулысы мұның бәрін депутаттық сауалда көрсетіп, Үкімет басшысының атына жолдады, деп xабарлайды BNews.kz.
«Ал бізде мұғалімдердің еңбекақысы 40-50 мың теңгені құрайды. Сыныпқа жетекшілік еткені үшін 5 мың теңге ғана қосады. Ондай жүйемен білім беру саласын дамыту қиын. Қазақстан да білім беру саласын қаржыландыру көлемін ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызға жеткізуі тиіс»,- дейді депутат Смирнова.
Ирина Смирнованың еңбек жолының басым бөлігі ұстаздық етуге арналғанын баса айта кетелік.