Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Спермасы табылды ғой”. Ақтөбеде 15 жасар қызды зорлаған жігіт бостандықта жүр

156

Қызым осы оқиға болар кезде 15 жаста болды. Қызымның психологиялық жағдайы өзгерді. Ашуланшақ болып кетті. Шай ішіп отырғанда тұрып кетіп, кез келген нәрсені көңіліне алады”, – дейді анасы Нұрбибі Кенжебаева.

 

https://kaz.365info.kz/zhertoleni-panalap-otyrm-15-zhasta-akhsakhaldan-zhykti-bolgan-bojzhetken-oz-shyndygyn-ajtty-316073

Зәбірленуші жақтың айтуынша, жала қазір өздеріне жала жабылып жатыр.

“Оқиға болған кезде жолдасыма жігіттің әкесі хабарласты. Келісейік деп ақша беретіндерін айтқан. Ал қазіргі таңда ақшаны өздерің сұрадыңдар деп жала жауып жатыр.

Балалар алғашында «ВК» желісі арқылы танысқан. Жігіт қызымды алдап үйіне қонаққа шақырыпты. Үйде құрбысының да болатынын айтқан. Бірақ үйінде інілерінен басқа ешкім болмаған. 15 жастағы қызымның зорланғанын айтып бармаған жерім жоқ.

 

https://kaz.365info.kz/khashyp-zhyr-astanada-zhykti-bop-khalgan-15-zhastagy-khyz-oz-khypiyasyn-ajtty-video-315311

Оқиғаның болғанына бір жыл болады. Біз әлі әділдікке жете алмай сенделіп жүрміз.

Экспертиза жасалғанда қызымның іш киімінен жігіттің спермасы табылды. Одан артық не керек?

Кәмелет жасқа толмаған баланы төсек қатынасына тартқан. Қызымның мойнындағы іздер туралы ештеңе айтылмайды. Бала жазасын алу керек деп ойлаймыз. Істі прокурорлар сотқа жібермей жатыр”, – дейді анасы.

Істі тергеген прокурорлар 15 жастағы қыз бен 18 жастағы жігіттің әлеуметтік желі арқылы әлі сөйлесіп жүргенін айтқан.

“Алғашында қыздарыңды аламыз, оқуға түсіреміз. Балалар үйленеді, Абайдағы үйімізді береміз, тек баламызды соттата көрме” деп жалынған болатын.

Олар сол ақшаларын тергеудегілерге беріп қойған. Жігіт қызыма бір жылдан кейін тағы үйленемін деп хат жазып жүр. Қызым керек емес деп отыр.

Сонда олар бізді мазақ қылып отыр ма?”,-дейді анасы.

 

https://kaz.365info.kz/yyalsanshy-eki-kokparshynyn-ortasynda-otyrgan-zamira-elden-soz-estidi-video-316585

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз