Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сот журналист Мамайды қамау мерзімін 10 шілдеге дейін ұзартты

123

Жанболат Мамайға қолдау көрсетуге келген белсенділер мен БАҚ өкілдерін сотқа кіргізген жоқ. Белсенділер сот залына таяу тұстағы терезе маңында “Жанболатқа бостандық” деген ұранмен шағын акция өткізді. Сот шешімі сот отырысы аяқталғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін ғана жарияланды.

Оппозициялық “Трибуна. Саяси қалам” газетінің редакторы міндетін атқарушы Жанболат Мамай 2017 жылы 10 ақпанда сот шешімімен екі айға қамалған. Тергеу тарабы “2009 жылдан бері Еуропада жүрген бұрынғы банкир және оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбіләзов БТА банкінен ұрланған ақшаның бір бөлігінің ізін Мамай басқаратын “Трибуна. Саяси қалам” газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған” деп күдіктенеді.

Журналист бұл айыпты мойындамайды. Ал Мұхтар Әбіләзов бұл айыптауды “абсурд” деп атап, Мамаймен ешқашан кездеспегенін мәлімдеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз